Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қазандағы № 274 Бұйрығы (күші жойылды)

Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қазандағы № 274 Бұйрығы

 

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығымен күші жойылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуі;

2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. «Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі № 305 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2006 жылы 14 тамызда № 4340 тіркелген, «Заң» газетінде 2006 жылғы 8 қыркүйекте № 162 (1142) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.С. Есқалиевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда

Министрдің міндетін атқарушы

 

Т. Жақсылықов

                     

Қазақстан Республикасы

Индустрия және сауда министрі

міндетін атқарушысының

2009 жылғы 9 қазандағы № 274

бұйрығымен бекітілді

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку