Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру» мемлекеттік қызмет регламентi (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 509 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа

технологиялар министрі

міндетін атқарушының

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 509 бұйрығына 1-қосымша

 

 

«Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған
 елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру»
 мемлекеттік қызмет регламентi


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру» бойынша мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет:

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 7-бабының 11) тармақшасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулысымен бекітілген «Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт).

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз жеткізгіштегі сарапшы-аудитор аттестаты немесе біліктілік аттестаты (бұдан әрі - аттестат) не жазбаша түрде дәлелді бас тарту (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) болып табылады.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде басқа мемлекеттік органдардың қатысуы көзделмеген.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

7. Мемлекеттік қызмет: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі 11, «Эталон орталығы» ғимараты, А блогы, 0505 А кабинеті мекенжайы бойынша мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку