(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.24.09 № 1451 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде мемлекеттік мекемелер құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қыркүйектегі № 1451 Қаулысы
(2000.16.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде аталған министрліктің аумақтық органдарының бекітілген штат саны лимитінің шегінде 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде:
1) құрылған мемлекеттік мекемелердің құрылтай құжаттарын бекітсін және олардың әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулының іске асырылуы бойынша өзге де шараларды қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары осы қаулыға сәйкес құрылатын мемлекеттік мекемелердің тіркелуіне жәрдем көрсетсін.
4. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 16.10.00 ж. № 1534 Қаулысымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
28 қыркүйектегі
№ 1451 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдарының
тізбесі
Ақмола облысы
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасы
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақкөл аудандық аумақтық басқармасы
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аршалы аудандық аумақтық басқармасы
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Астрахан аудандық аумақтық басқармасы
Редакция документа
Демо – версия документа