Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.10.09 № 924 ҚАУЛЫСЫ

2010 - 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 Қаулысы

(2011.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 912 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 912 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық, компаниялар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

4. ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 912 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 912 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 10 қыркүйектегі

№ 924 қаулысымен

бекітілген

 

 

2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку