(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 28 ҚАЗАНДАҒЫ № 1369 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 Қаулысы
(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудiң бірыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 654 Жарлығының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 21 мамырдағы № 619 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 22, 194-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын шығару айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы ережеде:
8-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа