Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысы (күші жойылды)

Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысы

 

ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) лицензиарлардың тiзбесi;

2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі;

3) лицензия мен лицензияға қосымшаның нысаны;

4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiштің нысаны бекiтiлсiн.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 7 маусымдағы

№ 753 қаулысымен

бекітілген

 

 

Лицензиарлардың тізбесі

 

р/с №

Лицензиар

Қызметтің лицензияланатын түрі

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату

Электр энергиясын тұтынушыға дейiн беру және (немесе) тарату;

елдi мекендердi, өндiрiстiк үй-жайлар мен объектiлердi жылумен жабдықтау үшiн жылу энергиясын беру және (немесе) тарату

 

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

 

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу

 

 

Жолаушылар тасымалдау

Жолаушыларды темiр жол көлiгiмен тасымалдау

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку