(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2000 Ж. 13 СӘУРДЕГІ № 372 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының
мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің
ант беру тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 372 Жарлығы
(2007.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтіні мен ант беру тәртібі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
ҚР Президентінің 22.05.00 ж. № 401; 13.11.001 ж. № 720 ; 2007.28.12. № 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік саяси қызметшілер мынадай ретпен ант береді деп белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне - республиканың Премьер-Министрі мен өзге де Үкімет мүшелері; республиканың Мемлекеттік хатшысы; Президент Әкімшілігінің Басшысы мен оның орынбасарлары; республика Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері;
ҚР Президентінің 2005.30.06 № 1598 Жарлығымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Президентінің 2007.27.11. № 446 (бұр.ред.қара); 2007.28.12. № 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша:
- республиканың Премьер-Министріне - Премьер-Министр Кеңсесі Басшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары; министрлердің бірінші орынбасарлары және орынбасарлары; министрліктердің жауапты хатшылары; Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Үкімет құрамына кірмейтін агенттіктердің жауапты хатшылары; - республиканың Мемлекеттік хатшысына - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, оның орынбасары, хатшысы және Орталық сайлау комиссиясының мүшелері; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі республика есеп комитетінің мүшелері;
Редакция документа
Демо – версия документа