(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2000 Ж. 13 СӘУРДЕГІ № 372 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының
мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің
ант беру тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 372 Жарлығы
(ҚР Президентінің 13.11.001 ж. № 720; 22.05.00 ж. № 401;
03.08.04 ж. № 1415 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтіні мен ант беру тәртібі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
ҚР Президентінің 22.05.00 ж. № 401; 13.11.001 ж. № 720 Жарлықтарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік саяси қызметшілер мынадай ретпен ант береді деп белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне - республиканың Премьер-Министрі мен өзге де Үкімет мүшелері; республиканың Мемлекеттік хатшысы; Президент Әкімшілігінің Басшысы мен оның орынбасарлары; республика Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері; республиканың төтенше және өкілетті елшілері;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша:
- республиканың Премьер-Министріне - Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының бірінші орынбасары және орынбасарлары; министрлердің бірінші орынбасарлары және орынбасарлары; Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; ведомстволар басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
- республиканың Мемлекеттік хатшысына - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, оның орынбасары, хатшысы және Орталық сайлау комиссиясының мүшелері; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі республика есеп комитетінің мүшелері;
Редакция документа
Демо – версия документа