(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.14.05 № 381 ҚАУЛЫСЫ
Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 Қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 14 мамырдағы
№ 381 қаулысымен бекітілген
Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) өңірлік агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жергілікті өкілді орган бекіткен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған облыстық бюджеттік бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды төлеу (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібін айқындайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау осы Ереженің 2-тармағында көзделген бағыттардың біреуі бойынша ғана жылына бір рет жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.09.06. № 544 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа