Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.14.05 № 381 ҚАУЛЫСЫ

Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 14 мамырдағы

№ 381 қаулысымен бекітілген

 

 

Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) өңірлік агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жергілікті өкілді орган бекіткен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған облыстық бюджеттік бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды төлеу (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібін айқындайды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау осы Ереженің 2-тармағында көзделген бағыттардың біреуі бойынша ғана жылына бір рет жүргізіледі.

2. Субсидиялар бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қол жетімділігін қамтамасыз етуге арналған және заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органның тиісті шешімі негізінде мынадай бағыттар бойынша төлене алады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку