-
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және
көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің
тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2010 жылғы 25 қыркүйектегі № 978 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және осы тiзiлiмге енгізу үшiн бағалау өлшемдерiн қоса алғанда, оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 179-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 31-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 268 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 209-құжат).
Редакция документа
Демо – версия документа