«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 268 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 268 Қаулысы
ҚР Үкіметінiң 2010 жылғы 25 қыркүйектегі № 978 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 179-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 1 сәуірдегі
№ 268 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
№ 334 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен
көрсетілетін кызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің
тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа