Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2013 жылғы 19 маусымдағы № 63 бұйрығы (2013.09.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2013 жылғы 19 маусымдағы № 63 бұйрығы

(2013.09.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Бас прокурорының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу жөніндегі есептілікті одан әрі жетілдіру және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Тексерулер тағайындау туралы актілерді, тоқтату, қайта жаңғырту, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлауларды, қатысушылардың құрамын өзгерту туралы актілерді тіркеу және тексеру мен оның нәтижелері жөніндегі ақпаратты есепке алу құжаттарын ұсыну ережесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды және бақылауды жүргізу туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 125 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7353 санымен тіркеліп, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 52 (26871); 2012 жылғы 22 ақпандағы № 53 (26872) сандарында жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции