«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды және бақылауды жүргізу туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 125 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды және бақылауды жүргізу туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 125 бұйрығы
ҚР Бас Прокуратурасының 2013 жылғы 19 маусымдағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы есептілікті одан әрі жетілдіру және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының нормасына сәйкес келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді есепке алуды және бақылауды, мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Ережесі бекітілсін.
2. Күші жойды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5995-санымен тіркелген) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді бірыңғай мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды және бақылауды жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» № 71-бұйрығы;
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6710-санымен тіркелген) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 71 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» № 85-бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;
Документ утратил силу
Демо – версия документа