Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.08.10 № 1271 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2013 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 8 қазандағы

№ 1271 қаулысымен

бекітілген

 


«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет):

1) мына мекенжай бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс, тел. 8 (7172) 74-32-87, 74-30-66, интернет-ресурстың мекенжайы: www.mz.gov.kz.

Сараптама нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Комитет мынадай:

елде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген жаңа технологиялары бар өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңғырту;

І және ІІ қауіптілік сыныбының өнеркәсіптік объектілері және санитариялық сыныптамаға енгізілмеген, сондай-ақ елде аналогтары жоқ, жеткілікті зерделенбеген жаңа технологиялары бар өндірістер үшін қоршаған ортаға рұқсат етілген шекті шығарындылар мен рұқсат етілген шекті төгінділерді және физикалық факторларды белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар;

І және ІІ қауіптілік сыныбының өнеркәсіптік объектілері және санитариялық сыныптамаға енгізілмеген, сондай-ақ елде аналогтары жоқ,  жеткілікті зерделенбеген жаңа технологиялары бар өндірістер үшін санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар;

шикізаттың және тамақ өнімдерінің жаңа түрлеріне арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар;

дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарына, медициналық иммундық-биологиялық препараттарға арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына береді;

2) осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан Комитеттің облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көліктегі департаменттері (бұдан әрі - Комитеттің департаменттері) көрсетеді.

Сараптама нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Комитеттің департаменттері мынадай:

республикалық бюджеттен және (немесе) шетелдік капиталдың қатысуымен қаржыландырылатын өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту жобаларына;

барлық қауіптілік сыныптарының өнеркәсіптік объектілері және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгеннен басқа өндірістер үшін қоршаған ортаға рұқсат етілген шекті шығарындылар мен рұқсат етілген шекті төгінділерді және физикалық факторларды белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар жобаларына;

барлық қауіптілік сыныптарының өнеркәсіптік объектілері және осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгеннен басқа өндірістер үшін санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету бойынша құжаттамалар жобаларына;

сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғаныш аймағын түзету (қысқарту немесе үлкейту) бойынша құжаттамалар жобаларына;

азық-түлік шикізатына, өнеркәсіп бұйымдарына, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздеріне, химиялық заттар мен өнімдерге, биологиялық, дәрілік, азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен жанасатын ыдыстарға, буып-түйетін және полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарларға, жабдықтарға, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарына арналған стандарттар мен нормативтік құжаттардың жобаларына береді;

3) www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан Комитет департаменттерінің аумақтық бөлімшелері (аудандық, қалалық) (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) көрсетеді.

Сараптама нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны аумақтық бөлімшелер аумақтық тиістілік қағидаты бойынша мынадай:

өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту жобаларына;

сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғаныш аймақтары құжаттамалары жобаларына;

геологиялық зерттеулерге арналған құжаттамалар жобаларына;

елді мекендер құрылысын жоспарлау жобаларына;

жұмыстар мен қызметтерге береді.

Мемлекеттік қызметті Комитет және Комитеттің департаменттері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмалары бойынша орындалатын мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ төменде тұрған органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне шағымды қарау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шектеулерге сәйкес көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 35) тармақшасы, 62-бабының 8-тармағы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабы, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 бұйрығы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мына: www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында, ресми ақпарат көздерінде, Комитеттің, тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттің департаменттерінің, тізбесі www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшелердің ғимараттарында орналастырылған стенділерде, үлгілері ілінген ақпараттық тақталарда орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Комитеттің, Комитет департаментінің немесе аумақтық бөлімшенің ресми бланкісінде ресімделген (қағаз тасымалдағышта) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 62-бабының 8-тармағында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 838 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесі мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесінде көрсетілген объектілерге көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 2-қосымшада айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап - 15 жұмыс күні;

2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды тапсыру үшін күтудің бір адамға барынша жол берілген уақыты 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты 30 минуттан аспайды.

Лауазымды адамдар тарапынан осы тармақтың ережелерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделеді.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері күнделікті сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмей, «бір терезе» қағидаты бойынша кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10.Комитетте, Комитет департаменттерінде және аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орындар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін үй-жайлар, күту және құжаттарды толтыру орындары болады, физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған. Осы орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізуге өтінішті;

2) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

Ұсынылатын құжаттардың осы тізбесі соңғы тізбе болып табылады.

Осы стандартқа 3-қосымшада көзделген құжаттардың тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда, Комитет, Комитеттің департаменті немесе аумақтық бөлімше құжаттар тапсырылған сәттен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарлайды.

12. Осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің нысанын Комитеттің, Комитет департаментінің немесе аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды адамынан немесе www.mz.gov.kz  интернет-ресурсынан алуға болады.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштің толтырылған нысанын және қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы Комитеттің, осы стандарттың 1-тармағында және 1-қосымшасында және www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген байланыс деректері бойынша Комитет департаменттерінің немесе аумақтық бөлімшелердің кеңселеріне «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынады.

14. Мемлекеттік қызметті алушыға:

1) сұралатын мемлекеттік қызмет түрін;

2) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

3) кұжаттарды қабылдау күнін (уақытын);

4) тікелей өтініш берген тұлғаға немесе оның ресми сенімді тұлғасына (өкіліне) мемлекеттік қызметті алу күнін және орнын;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысанда талон беріледі.

15. Жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру тікелей өтініш берген адамға немесе ол туралы тиісті қолхат толтырылатын оның ресми сенімді тұлғасына (өкіліне) жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар пакетінің толық ұсынылмауы;

2) егер жобалар, өнім, жұмыс және қызмет санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісі болып табылмаса.

Комитет, Комитеттің департаменті және аумақтық бөлімше мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебі туралы мемлекеттік қызметті алушыға (күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде) жазбаша хабар береді.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитеттің, аумақтық бөлімшенің мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейіл болу, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және оны пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салуға жол бермеу, белгіленген мерзімде олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

4) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-тармағында және 1-қосымшасында, www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген Комитеттің, Комитет департаментінің және аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды адамы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдем көрсетеді.

21. Комитет көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым мына: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, № 5 кіреберіс, телефон: 8(7172) 74-32-40, № 1003 кабинет, интернет-ресурс: www.mz.gov.kz  мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің атына беріледі.

Комитет және Комитеттің департаменттері көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым осы стандарттың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет төрағасының атына беріледі.

Комитеттің департаменттері және аумақтық бөлімшелері көрсеткен мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша Комитеттің департаментінің басшылығының атына беріледі.

22. Комитеттің уәкілетті лауазымды адамдары дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Комитет басшылығыының атына беріледі, оның мекенжайы мен жұмыс кестесі осы стандарттың 9 және 24-тармақтарында көрсетілген, № 1144 кабинет.

Комитет департаментінің уәкілетті лауазымды адамдары дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Комитет департаментінің басшылығының атына беріледі, оның мекенжайы мен жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

Аумақтық бөлімшенің уәкілетті лауазымды адамдары дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым аумақтық бөлімшенің басшылығының атына беріледі, оның мекенжайы мен жұмыс кестесі www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым жазбаша еркін нысанда не қолма қол мына мекенжайдағы:  Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, тел. 8(7172) 74-30-66, Комитеттің кеңсесіне беріледі. Комитет департаменттерінің мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. Аумақтық бөлімшелердің мекенжайлары www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

25. Қабылданған шағым Комитеттің, Комитет департаменттерінің немесе аумақтық бөлімшелердің кеңселеріндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымының қабылданғанын растау үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.

Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі туралы қосымша ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі ғимараты, 5-кіреберіс, тел. 8 (7172) 74-30-66, байланыс деректері осы стандартқа 1-қосымшада немесе www.mz.gov.kz  интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша ала алады.

 

«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге

санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді жүзеге асыратын
аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

 

Атауы

Орналасқан жері

1

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» ММ

010000, Астана қаласы, «Сарыаарқа» ауданы, Желтоқсан көшесі, 46-үй. тел.8-7172-317139; dgsn_astana@mail.ru

2

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» ММ

050002, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 5. тел.8-727-382-35-15; gorseu_almaty@mail.ru

3

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 14а. тел.8-7162-6-55-36; akmolaugsn@rambler.ru

4

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ

030012, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Саңқыбай батыр даңғылы, 1 тел.:8-7132-55-77-29 aktubses@inbox.ru

5

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» ММ

040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85-А. тел.8-7282-21-05-60; almobldkgsen@mail.online.kz

6

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ

060007, Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А. тел.8-7122-35-40-39; atyrses@mail.ru

7

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

070002, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы (Независимости) 17. тел.8-7232-76-59-87; ses_vko@mail.ru

8

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» ММ

080012, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, 13. тел. 8-7262-45-08-83; zhambyldgsen@mail.ru

9

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

090001, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д.Нұрпейісова көшесі, 19. тел.8-7112-51-27-66; zko_dgsen@mail.online.kz

10

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ

100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2. тел.8-7212-41-14-53; karseu@mail.ru

11

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ

110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113. тел.8-7142-54-36-50; kostdgsen@krcc.kz

12

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» ММ

120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Чайковский көшесі, 10. тел. 8(7242)237220; 23-81-46; kyzses@mail.ru

13

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 «В» шағын ауданы, 46-үй. тел.8-7292-50-19-09; dgsen-aktau@topmail.kz

14

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ

140002, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 70/2. тел.7-7182-55-18-82; pav_dgsen@rambler.ru

15

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

150009, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мир көшесі, 236. тел.8-7152-52-14-37; факс 52-14-45; skoses@mail.online.kz

16

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Д. Қонаев гүлзары, 27. тел. 8-7252-39-02-69; dgsen_uko_2011@mail.ru

17

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті» ММ

010000, Астана қаласы, Сарыаарқа ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2а тел.8-7172-93-24-28; gugsen@rambler.ru

 

«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге

санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

нысан

 

ҚР ДСМ МСЭҚК

______________________________________

Аумақтық бөлімшенің атауы

департаментінің директоры

______________________________________

аумақтық бөлімше басшысының Т.А.Ә.

______________________________________

өтініш берушінің Т. А.Ә.

______________________________________

Мекенжайы, деректемелері (СТТН, ЖСН/БСН)

______________________________________

өтініш берушінің байланыс телефоны

 

ӨТІНІШ

 

Сізден ______________________________________________________________________________________________

аудан, көше, үй, пәтер

________________________________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

_____________________________________________________________________________________________________

объектінің (жобаның, өнімнің жұмыстың немесе қызметтің) атауы

тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

Қолы

күні, айы, жылы

Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

1.

2.

3.

 

«Жобаларға, өнімге, жұмыстарға және қызметтерге

санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

 

 

Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі

 

Р/с №

Берілетін санитариялық-эпидемиологиялық қорытыныды тізбесі

Құжаттар тізбесі

1

Өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - СЭҚ)

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) жоба алды және жобалық құжаттама мен объектінің сипаттамасы туралы түсіндірме жазбасы бар материалдар, оның ішінде:

- аумақтық және объектінің санитариялық-гигиеналық сипаттамасы (жағдайлық жоспар, елді мекен құрылысының бас жоспарына сәйкестігі,  аса қауіпті инфекциялар бойынша аумақтың эпидемиологиялық салауаттылығы туралы мәліметтер, халықтың денсаулық көрсеткіштері);

- «Сәулет-жоспарлау шешімі» бөлімі үй-жайларды ішкі әрлеу тізілімі бар үй-жайлардың экспликациясы бар әр қабаттық жоспар (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);

- «Сумен жабдықтау және кәріз» бөлімі сумен жабдықтау және су бұру желілеріне техникалық шарттары бар (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);

- «Технологиялық шешім» бөлімі өндірістік және технологиялық жабдыққа арналған сипаттамалары бар (технологиялық, өндірістік жабдықты, сондай-ақ жиһазды орналастыру арқылы әр қабаттық жоспарлар (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);

- «Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау» бөлімі, оның ішінде пайдаланылатын технологиялық үдерістің сипаттамасы;

- рұқсат етілген шекті шығарындыларды (РЕШШ) есептеуді қоса бере отырып, СҚА негіздемесі  (есептеу тәсілімен);

- қызметкерлерге арналған санитариялық-тұрмыстық жағдайлар (тұрумен, тамақтанумен қамтамасыз ету, жұмыс және демалыс, медициналық қамтамасыз ету жағдайлары, жеке қорғаныш құралдары);

- өндірістік мақсатта су тұтыну және су бұру жағдайлары, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау; өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жою жағдайлары;

- жобалық шешімнің сипаттаамасы, көліктік инфрақұрылым;

3) жергілікті атқарушы органының жаңа құрылысқа жер учаскесін беру туралы шешімі;

4) болжалды құрылыс учаскесіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

5) қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала  бағалау (алдын ала ҚОӘБ).

2.

Өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді қайта жаңғырту жобаларына СЭҚ

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) жоба алды және жобалық құжаттама мен мыналарды қамтитын материалдар:

- түсіндірме жазба;

- қайта жаңғырту жобасы;

- «Сәулет-жоспарлау шешімі» бөлімі үй-жайларды ішкі әрлеу тізілімі бар үй-жайлардың экспликациясы бар әр қабаттық жоспар (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);

- «Сумен жабдықтау және кәріз» бөлімі сумен жабдықтау және су бұру желілеріне техникалық шарттармен (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);

- «Жылыту және желдету» бөлімі жылыту, желдету жүйелеріне техникалық шарттары (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда) және желдеткіш жабдығына паспорт бар (желдету жүйесі бар болған жағдайда шу сипаттамалары);

- «Технологиялық шешім» бөлімі өндірістік және технологиялық жабдыққа арналған сипаттамалары бар (технологиялық, өндірістік жабдықты, сондай-ақ жиһазды орналастыру арқылы әр қабаттық жоспарлар (су құбыры және кәріз желілері құрылысының жобаларын қоспағанда);

3) бұрын берілген қорытындылармен қайта жоспарлауға және (немесе) қайта жабдықтауға техникалық қорытынды;

4) санитариялық-эпидемиолгиялық жағдай туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (функционалдық бейінін (мақсатын) ауыстыру арқылы қайта жаңғыртылуға жататын объектілерге қажет етіледі);

3

Қоршаған  ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың жол беруге болатын шекті шығарындылары мен жол беруге болатын шекті төгінділері бойынша құжаттама жобаларына СЭҚ

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) мынадай бөлімдері бар жоба:

- түсіндірме жазба;

- аумақтық және объектінің санитариялық-гигиеналық сипаттамасы (жағдайлық жоспар, аса қауіпті инфекциялар бойынша аумақтың эпидемиологиялық салауаттылығы туралы мәліметтер, халықтың денсаулық көрсеткіштері);

- қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау, оның ішінде пайдаланылатын технологиялық үдерістің сипаттамасы;

- шығарындылар мен төгінділер сипаттамасы (сандық және сапалық);

- рұқсат етілген шекті шығарындылар мен төгінділер негіздемесі (есептеу тәсілімен);

- СҚА өлшемдері негіздемесі;

- шығарындыларды тазарту бойынша жабдықтың болуы, тазарту тиімділігі және оның қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келуі;

- шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары;

- шығарындыларды және СҚА шекарасында атмосфералық ауаның ластану жағдайын зертханалық бақылаудың жоспар-кестесі;

3) жобаны әзірлеуші туралы мәліметтер.

4

Сумен қамтамасыз ететін жерасты көзінің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша құжаттама жобаларына СЭҚ

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар;

3) мыналарды қамтитын СҚА жобасы:

- су көзінің су сапасы;

- сумен жабдықтау көзінің орналасқан аумағының жалпы гидрогеологиялық сипаттамасы; таңдаған су қабат (артезиандық - арынды, грунттық - арынсыз) түрі бойынша мәліметтер, оның шатырының тереңдігі (абсолютті белгі), күштілігі, сусыйымдылық жынысы; сулы қат-қабаттың қоректену және босатылу жағдайлары мен орны, су молдылығы (қордың іске қосылатын); сулы қат-қабаттың сумен жабдықтау және басқа мақсатта қолданылуы және келешекте пайдаланылуы;

- ауданның (кен орнының) гидрогеологиялық жағдайлары туралы жалпы мәліметтер, сумен жабдықтау үшін ұсынылатын қабаттың қоректену жағдайлары, сужинау ауласының топографиялық, жер қыртысы және санитариялық сипаттамасы, іске қосылатын су қабатының сипаттамасы (литологиялық құрамы, қуаты, бөгеу сипаттамасы) су алуды есептеудегі судың динамикалық деңгейі);

- қабаттардың, бөгелетін қабаттардың өткізгіштік деңгейі, қоректену аймағының су сапасына әсер ету мүмкіндігі;

- су жинауға іргелес орналасқан елді мекеннің санитариялық сипаттамасы; су жинаудан бастап ықтимал ластану көздеріне: жұмыс істемейтін ұңғымаларға, сіңіргіш шұңқырларға, ойылып түскен жерлерге, құдықтарға, ескі тау-кен орындарына, жинауыштарға дейінгі орналасу мен арақашықтық;

- СҚА өлшемдерін белгілеу және оны ұйымдастыру мүмкіндігі (СҚА шекарасында ластаушылардың болмауы).

5

Сумен қамтамасыз ететін жер беті көзінің санитариялық қорғау аймағын белгілеу бойынша құжаттама жобаларына СЭҚ

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар;

3) мыналарды қамтитын СҚА жобасы:

- СҚА есепті шекаралары;

- су көзі суының сапасы;

- гидрологиялық деректер: су жинаудың қоректену бассейнінің ауданы, жер беті ағысы режимі, барынша көп, ең аз және орташа шығыстар, су жинау орнындағы жылдамдық және су деңгейі, мұз тұрудың және ашылудың орташа мерзімдері, көздегі болжалды шығыс, ағып келу-ағып кету ағыстарының сипаттамасы бойынша деректер;

- бассейннің су жинауда судың сапасына әсер етуі мүмкін бөлігінің жалпы санитариялық сипаттамасы: бассейннің геологиялық құрылымының сипаты, топырақ, өсімдігі, орманның, өңделетін жерлердің, елді мекендердің болуы; өнеркәсіптік кәсіпорындар (олардың саны, өлшемдері, орналасуы, өндіріс сипаты);

- су көзіндегі судың сапасын нашарлатуға әсер ететін немесе әсер ете алатын себептер, көз орналасқан ауданда қатты және сұйық шығарындыларды жою әдістері мен орындары; суқоймасын ластайтын тұрмыстық, өндірістік ағындардың болуы, бұрылатын ағынды судың саны, оларды тазартуға арналған құрылыстар және олардың орналасқан орындары; су ағу орнынан су жинау орнына дейінгі арақашықтық; көздің ластануының басқа да ықтимал себептерінің болуы (кеме қатынасы, орман кесу, суат, мұздағы қысқы қоқыс үйінділері, суға шомылу, су спорты, жер өңдеу жұмыстары, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды ауыл шаруашылығында пайдалану);

- су қоймасының өздігінен тазару қабілетінің сипаттамасы;

- су қоймасы бетінің ауданы және көлемі, пайдалы және «өлі» көлем;

- су қоймасындағы суды пайдалану және өңдеу режимі;

- су қоймасының жоспары, оның барынша көп және ең аз тереңдігі, түбінің, жағалауының, түпкі шөгінділерінің сипаттамасы, гүлдену, шөп шығу, лайланудың болуы;

- басым желдер мен ағыстардың бағыты;

- су объектісі суының қозғалысының жылдамдығы;

- СҚА шекарасының жекелеген жолақтары бойынша есептері;

- көздің суын өңдеу қажеттілігі туралы деректер (зарарсыздандыру, ағарту, темірсіздендіру және басқалары);

- бірдей қоректену салалары бар аралас су жинау туралы деректер (орналасқан орны, өнімділігі, судың сапасы);

- биологиялық жер өңдеу бойынша жұмыс жүргізу жоспары.

6

Санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша құжаттама жобаларына СЭҚ

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар;

3) мынадай бөлімдері бар жоба:

- түсіндірме жазба;

- бас жоспардан көшірме, жағдайлық жоспар;

- СҚА өлшемі, санитариялық сыныптама бойынша қауіптілік сыныбы;

- «Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау (ҚОЫБ)» бөлімі;

- аумақтық және объектінің санитариялық-гигиеналық сипаттамасы (жағдайлық жоспар, атмосфералық ауаның, топырақтың, су көздерінің жағдайы, климаттық жағдайлар, радиациялық ахуал, аса қауіпті инфекциялар бойынша аумақтың эпидемиологиялық салауаттылығы туралы мәліметтер, халықтың денсаулық көрсеткіштері);

- қоршаған ортаға әсер етуді бағалау;

- рұқсат етілген шекті шығарындыларды (РЕШШ) есептеуді қоса бере отырып, СҚА негіздемесі (есептеу тәсілімен);

- 3 жылдық зерттеулер нәтижелері (түзету кезінде - СҚА-ны қысқарту немесе үлкейту);

- объектінің өндірістің үдерісінің сипаттамасы.

7

Геологиялық зерттеулерге арналған құжаттама жобаларына СЭҚ

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар;

3) мынадай бөлімдері бар жоба:

- түсіндірме жазба;

- аумақтың және объектінің санитариялық-гигиеналық сипаттамасы бар «Қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау (ҚОЫБ)» бөлімі (жағдайлық жоспар, атмосфералық ауаның, топырақтың, су көздерінің жағдайы, климаттық жағдайлар, радиациялық ахуал, аса қауіпті инфекциялар бойынша аумақтың эпидемиологиялық салауаттылығы туралы мәліметтер, халықтың денсаулық көрсеткіштері);

- қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, оның ішінде құрылыс және пайдалану кезінде пайдаланылатын технологиялық үдерістің сипаттамасы;

- рұқсат етілген шекті шығарындыларды (РЕШШ) есептеуді қоса бере отырып, СҚА негіздемесі (есептеу тәсілімен);

- қызметкерлерге арналған санитариялық-тұрмыстық жағдайлар (тұрумен, тамақтанумен қамтамасыз ету, жұмыс және демалыс, медициналық қамтамасыз ету жағдайлары, жеке қорғаныш құралдары);

- өндірістік мақсаттар үшін су тұтыну және су бұру жағдайлары, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау; өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жою жағдайлары

8

Елді мекендер құрылысын жоспарлау жобаларына СЭҚ

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар;

3) елді мекен құрылысының бас жоспарынан көшірме, оның ішінде елді мекеннің инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуі жөніндегі мәліметтер (бала бақшалар, мектептер, ЕПМ, саябақтар, дәріханалар, дүкендер, мәдениет ұйымдары, бейіттер, полигондар); елді мекеннің сумен жабдықтау, кәріз, жылыту бойынша жағдайы, сондай-ақ келешекте инженерлік қамтамасыз етудің проблемалық мәселелерін шешу жолдары

4) елді мекен құрылысын жоспарлау жобасы, проблемалы аймақтарды және шығаруға жататын объектілер тізбесін көрсете отырып, аумақты аймақтау (өнеркәсіптік, селитебті, коммуналдық, демалыс аймағы)

9

Шикізаттың, технологиялық жабдықтың жаңа түріне, тамақ өнімдерін өндіру үдерістеріне арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына СЭҚ

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) шаруашылық етуші субъектінің ұйымдастыру-құқықтық нысанын растайтын құжаттар;

3) дайындаушының (өндірушінің) гендік-инженерлік түрлендірілген ағзалардың, неноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің (тамақ өнімдері үшін) бар болуы туралы декларациясы;

4) дайындаушының (өндірушінің) бақылаудағы тауарларды қолдану (тұтыну, пайдалану) жөніндегі құжаты (нұсқаулық, нұсқау, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі (бар болған жағдайда);

5) мемлекеттік тіркеу жүргізілетін Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған зерттелетін үлгілердің қауіпсіздігі мен сапасын растайтын дайындаушының (өндірушінің) құжатының көшірмесі;

6) зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының көшірмелері, ғылыми есептер, сараптамалық қорытындылар.

10

Азық-түлік шикізатына, өнеркәсіп бұйымдарына, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздеріне, химиялық заттар мен өнімдерге, биологиялық, дәрілік, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарына, медициналық иммундық-биологиялық препараттарға, азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен жанасатын ыдыстарға, буып-түйетін және полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарларға, жабдықтарға, аспаптар мен жұмыс құрал-саймандарына арналған стандарттар мен нормативтік құжаттардың жобаларына СЭҚ

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) өнімге арналған стандарт жобасы;

3) өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық сараптама хаттамасы (лары) (белгіленген гигиеналық қауіпсіздік көрсеткіштері немесе өнімді сақтау жағдайлары (мерзімдері) өзгерген жағдайда);

4) бұйымды дайындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен заттардың тізбесі және дайын бұйымнан көшуге қабілетті заттар тізбесі (РЕШШ, БҚЫД көрсете отырып);

11

Жұмыстар мен қызметтерге СЭҚ

1) жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге өтініш;

2) объектінің мақсатты тағайындалуын меншік құқығын немесе объектіні пайдалануға және/немесе басқаруға жол беретін өзге де құқықты (меншік/жалдау шарты туралы куәлік) растайтын құжаттар.

 

Редакция документа

Укажите название закладки

Создать новую папку