«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 Бұйрығы (2011.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 640 Бұйрығы
(2011.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса ұсынылып отырған Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Мыналардың:
1) «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 14 қарашадағы № 841 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2600 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 27 желтоқсанда № 52 (157) жарияланған);
2) «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы № 841 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 681 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5005 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 25 желтоқсанда № 194 (1397) жарияланған);
Документ утратил силу
Демо – версия документа