(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 30 МАУСЫМДАҒЫ № 651 ҚАУЛЫСЫ
Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 Қаулысы
(2012.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.23.08. № 1079 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесі;
2) мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.17.09. № 1398 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.11. № 1267 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 836 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.23.08. № 1079 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.31.10. № 1378 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.12. № 1539 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 30 маусымдағы
Редакция документа
Демо – версия документа