Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 1398 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі № 1398 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-жолмен толықтырылсын:

«

68.

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ акциялар пакетінің 100 %

»;

«Магистралдық мұнай құбырлары» деген бөлімде:

реттік нөмірі 3-жолдағы 2-баған «(«Өзен» БМАС-тан (0 км.) Ресей Федерациясының шекарасына дейін (1237,4 км.) ұзындығы 1237,4 км.)» деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірі 14-жолдағы 2-баған «(Ресей Федерациясының шекарасынан (214,7 км.) «Павлодар» БМАС-қа дейін (437,3 км.) ұзындығы 222,6 км.)» деген сөздермен толықтырылсын;

«Атом  » деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:

«

2.

«Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» РМК «Геофизикалық зерттеулер институты» ЕМК Бурабай геофизикалық обсерваториясының филиалы (Бурабай кенті)

»;

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«ЕМК - еншілес мемлекеттік кәсіпорын».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку