Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығы (2025.09.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы

(2025.09.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссия құрамы бекітілсін.

3. ҚР Президентінің 2023.31.07. № 290 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы сәуірдің 3-і.

 

№ 537

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 537 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН



Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы
кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен осы Ережені басшылыққа алады.

ҚР Президентінің 2025.23.04. № 853 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Комиссияның негізгі міндеті осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құқық қорғау органындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы ұсынуларды қарау және Қазақстан Республикасының Президентіне немесе мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) бірінші басшыларына ұсыныстар дайындау болып табылады.

ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2024.03.01. № 429 Жарлығымен (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Комиссия Тізбеде* көзделген құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы мәселелерді қарайды.

* Тізбе - «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі.

5. ҚР Президентінің 2025.23.04. № 853 Жарлығымен алып тасталды (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Өзінің негізгі міндеттерін шешу мақсатында Комиссия:

1) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыруга құқылы.

ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Комиссия құрамына Комиссияның төрағасы, Комиссия хатшысы және мүшелері кіреді.

ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен 8-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Комиссия төрағасы:

1) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) Комиссия отырыстарын өткізу орнын, уақытын және форматын айқындайды;

3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;

4) ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен алып тасталды (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Комиссияның мүшелеріне орындау үшін міндетті тапсырмалар береді.

9. Комиссия мүшелері оның жұмыс кестесі мен отырысының күн тәртібі бойынша Комиссия төрағасына ұсыныстар енгізуге құқылы.

10. Егер Комиссияның тізімдік құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, оның отырысы заңды деп саналады.

ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай тікелей, сырттай қатысу форматында немесе ойлайн-форматта өткізіледі.

12. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты кадр мәселелерін Комиссия, әдетте, олардың жеке қатысуынсыз қарайды.

ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссияның шешімін сырттай дауыс беру тәртібінде қабылдауға Комиссия төрағасының келісімімен жол беріледі.

14. Комиссия шешімдері әрбір адамға қатысты жеке қабылданады.

15. Лауазымға тағайындауға арналған ұсынымдарды қарау туралы отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

1) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсынылсын;

2) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсыным беруден бас тартылсын.

16. ҚР Президентінің 2025.23.04. № 853 Жарлығымен алып тасталды (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17. Комиссияның шешімдері оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

18. ҚР Президентінің 2025.23.04. № 853 Жарлығымен алып тасталды (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

ҚР Президентінің 2019.12.02. № 838 Жарлығымен (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-тармақ жаңа редакцияда

19. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

 

ҚР Президентінің 2014.29.08. № 900 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.08.02. № 191 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.10.10. № 357 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.12.02. № 838 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 74 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.20.02. № 515 Жарлығымен (бұр.ред.қара) құрамы өзгертілді; ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен құрамы жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2025.23.04. № 853 Жарлығымен құрамы өзгертілді (2025 ж. 9 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 537 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН



Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының

құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции