(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНДА...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы
(2023.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 3 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия туралы ереже;
2) Комиссия құрамы бекітілсін.
3. ҚР Президентінің 2023.31.07. № 290 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы сәуірдің 3-і.
№ 537
Президентінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 537 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы
кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құқық қорғау органындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы ұсынымдарды қарау және Қазақстан Республикасының Президентіне немесе мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) бірінші басшыларына ұсыныстар дайындау;
2) Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервін жасақтау болып табылады.
ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Комиссия Тізбеде* көзделген құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы мәселелерді қарайды.
ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен ескертпемен толықтырылды
* Тізбе - «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесі.
5. Лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындауды келісу рәсімін өткізу, сондай-ақ Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервіне қосу үшін Комиссияның жұмыс органына мынадай материалдар жіберіледі:
1) кандидаттың іскерлік және жеке қабілеттері көрсетілген тиісті мемлекеттік органның (ведомствоның) бірінші басшысының ұсынымы;
2) кандидаттың фотосуреті бар анықтама парағы (қызметтік тізім);
3) міндетті арнайы тексерістен өткені туралы мәліметтер.
6. Өзінің негізгі міндеттерін шешу мақсатында Комиссия:
1) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыруга құқылы.
7. Комиссия құрамына Комиссияның төрағасы, оның орынбасары, Комиссия хатшысы және мүшелері кіреді.
1) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Комиссия отырыстарын өткізу орны мен уақытын белгілейді;
3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
4) өз өкілеттіктерін атқаруды Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеуге құқылы;
5) Комиссияның мүшелеріне орындау үшін міндетті тапсырмалар береді.
9. Комиссия мүшелері оның жұмыс кестесі мен отырысының күн тәртібі бойынша Комиссия төрағасына ұсыныстар енгізуге құқылы.
10. Егер Комиссияның тізімдік құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, оның отырысы заңды деп саналады.
ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі.
12. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты кадр мәселелерін Комиссия, әдетте, олардың жеке қатысуынсыз қарайды.
ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның шешімін сырттай дауыс беру тәртібінде қабылдауға Комиссия төрағасының келісімімен жол беріледі.
14. Комиссия шешімдері әрбір адамға қатысты жеке қабылданады.
15. Лауазымға тағайындауға арналған ұсынымдарды қарау туралы отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсынылсын;
2) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсыным беруден бас тартылсын.
16. Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервіне алуға арналған ұсынуларды қарау туралы отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Президенттік резервке алынсын;
2) Президенттік резервке алудан бас тартылсын.
17. Комиссияның шешімдері оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
18. Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервін жасақтаудың осы Ережеде реттелмеген мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен регламенттеледі.
ҚР Президентінің 2019.12.02. № 838 Жарлығымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
ҚР Президентінің 2014.29.08. № 900 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.08.02. № 191 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.10.10. № 357 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.12.02. № 838 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 74 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2021.20.02. № 515 Жарлығымен (бұр.ред.қара) құрамы өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 537 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Презндентінің жанындағы Қазақстан
Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты
мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруші)
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Редакция документа