Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 19 ҚАЗАНДАҒЫ № 972 ҚАУЛЫСЫ

Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 Қаулысы

(2013.22.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшені қараңыз

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының қазақстандық бөлігінің тең төрағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 215 қаулысының;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 374 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку