«Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Премьер-Министрдің орынбасары-Министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 434 бұйрығы (2012.24.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Премьер-Министрдің орынбасары-Министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 434 бұйрығы
(2012.24.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 206 бұйрығымен күші жойылды
«Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 972 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) (бұдан әрі - ҮАК) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелер айқындалсын.
2. Жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары:
1) ҮАК отырыстарын уақытында және сапалы өткізуді;
2) Халықаралық ынтымақтастық департаменті есептік тоқсанның соңғы айының 10 күнінен кешіктірмей әр тоқсан сайын ҮАК отырысының хаттамасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларды орындау барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық ынтымақтастық департаменті есептік тоқсанның соңғы айының 25 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне әр тоқсан сайын ҮАК отырысының хаттамасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларды орындау барысы туралы ақпарат ұсынсын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа