(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.13.05 № 409 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 Қаулысы
(2012.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1199 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.01.02. № 182 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 мамырдағы
№ 409 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі
кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындау (іске асыру) үшін жауаптылар | Орындау (іске асыру) мерзімі | Болжамды шығыстар | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Редакция документа
Демо – версия документа