«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1199 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысына толықтырулар енгізу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1199 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1344 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«1. Қаржы секторының қызметін жетілдіру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.2-1-жолмен толықтырылсын:
«
1.2-1. | Зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерінің сапасын қолдау мақсатында салымшылар үшін зейнетақы активтерін басқару тиімділігінің көрсеткіштер жүйесін жетілдіру | ҚҚА Басқармасының қаулысы | ҚҚА (келісім бойынша), Еңбекмині | 2010 жылғы 4-тоқсан | Талап етілмейді |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.16, 1.17, 1.18, 1.19, 1.20, 1.21, 1.22, 1.23, 1.24, 1.25, 1.26, 1.27, 1.28, 1.29, 1.30, 1.31 және 1.32-жолдармен толықтырылсын:
«
1.16. | Базель II жаңа ұсынымдарын зерделеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҚҚА (келісім бойынша) | 2011 жыл | Талап етілмейді |
1.17. | «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін ұлттық компаниялардың және даму институттарының бағалы қағаздарын шығару және Қазақстан қор биржасында орналастыру | Бағалы қағаздарды орналастыру, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | АӨҚОА (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині | 2010-2011 жылдар | Талап етілмейді |
Документ утратил силу
Демо – версия документа