(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.28.06 № 865 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданған кезде импортқа және (немесе) экспортқа лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
2) «Талқылау объектілері болып табылатын тауарлардың импортына сандық шектеулерді қолданбай Қазақстан Республикасының аумағына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
3) «Тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
4) «Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
Редакция документа
Демо – версия документа