«Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 865 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 865 қаулысымен
бекітілген
«Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық веб-порталы» немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 4-кіреберіс; телефоны: 8 (7172) 74-91-16 8 (7172) 74-91-16, интернет-ресурстары: www.minplan.kz, www.comtorg.kz.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: толық автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 Заңының 11-бабына, «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабына және «Тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысының 2-тармағына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрi- Министрлік) және Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ Комитеттің үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стендтерде орналастырылады.
Сондай-ақ, веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа