«Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 Қаулысы (2011.02.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 Қаулысы
(2011.02.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.02.12. № 1435 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2011.02.12. № 1435 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.02.12. № 1435 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
№ 1942 қаулысымен
бекітілген
Тауар биржалары, биржалық брокерлер және биржалық дилерлер
қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2010.04.09. № 894 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тауар биржалары қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің;
2) құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақталған құрылымдық бөлімшенің;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржа саудасының үлгі ережесі негізінде әзірленген биржа саудасы ережесінің;
4) тауар биржасында басшылық қызметпен айналысатын қызметкерлерде:
жоғары білімінің;
тауар биржалары саласында және/немесе қаржылық ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
тауар биржасында басшылық қызметпен айналыспайтын қызметкерлерде:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
5) сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің;
6) клирингтік орталықтың не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарттың;
7) ҚР Үкіметінің 2010.04.09. № 894 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) кемінде үш биржалық брокермен және/немесе биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының;
9) мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшерлерінің болуын көздейді.
ҚР Үкіметінің 2010.04.09. № 894 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Биржалық брокерлер (бұдан әрі - брокерлер) және (немесе) биржалық дилерлер (бұдан әрі - дилерлер) қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) ұйымның бірінші басшысында:
жоғары білімінің;
ұйым қызметкерлерінде (биржалық саудамен айналысатын):
жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
2) брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандарының;
3) клиенттерге брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламентінің болуын көздейді.
Документ утратил силу