Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.26.11 № 1942 ҚАУЛЫСЫ

Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 Қаулысы

(2010.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесі;

2) тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 қарашадағы

№ 1942 қаулысымен

бекітілген

 

Taуap биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Taуap биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы заңдарына сәйкес әзірленді және тауар биржалары, биржалық брокерлер (бұдан әрі - брокерлер) және биржалық дилерлер (бұдан әрі - дилерлер) қызметін лицензиялау тәртібі мен шарттарын анықтайды.

2. Тауар биржалары, брокерлер мен дилерлер қызметін лицензиялауды сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - Лицензиар) жүзеге асырады.

3. Тауар биржалары, брокерлер мен дилерлер қызметімен айналысу құқығына арналған лицензия иеліктен шығарылмайтын бас лицензия болып табылады және лицензиат оны басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

4. Тауар биржалары, брокерлер және дилерлер қызметімен айналысу құқығына арналған лицензия тауар биржалары, брокерлер және дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкес келетін заңды тұлғаларға беріледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку