Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1266 қаулысымен бекітілген) (2013.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 113 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1266 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) көші-қон полициясының бөлімшелері және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ІІД КҚПБ) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының;
2) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 9-бабының;
3) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 24-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (www.mvd.kz «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде) және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) интернет-ресурсында, сондай-ақ көші-қон полициясы бөлімшелерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа