(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.08.10 № 1266 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
№ 1266 қаулысымен
бекітілген
«Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
Осы редакция 2013 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (бұдан әрі - ІІМ-нің КҚПК) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ІІД-нің КҚПБ) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
1) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 19-бабының;
2) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 9-бабының;
3) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 24-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (www.mvd.kz «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде) және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) интернет-ресурсында, сондай-ақ көші-қон полициясы бөлімшелерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.
5. Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады. Рұқсаттама тиісінше ІІМ КҚПК-нің немесе ІІД КҚПБ-нің көші-қон полициясы бөлімшесі бастығының қолымен және мөрімен бекітіледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа