(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.10 № 1710 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 308-бабының, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының, «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 тіркелген) негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа