«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген) (2013.09.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014.19.02. № 115 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 Қаулысымен бекітілген
«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.09.07. берілген өзгерістермен)
1. «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 124 - 125-баптарының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);
2) уәкілетті органдардың орын-жайларында орналасқан стенділерде орналасады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
Документ утратил силу
Демо – версия документа