«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы (2014.09.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы
(2014.09.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2014.23.05. № 538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2014.19.02. № 115 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2014.26.05. № 544 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2014.26.05. № 544 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.09.07. № 699 Қаулысымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) ҚР Үкіметінің 2014.04.02. № 45 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
10) «Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызмет стандарты;
Документ утратил силу
Демо – версия документа