Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1119 Қаулысымен бекітілген

 

 

«Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 34-бабының 1,2, 3-тармақтары;

2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтары;

3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 57-бабы;

4) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 8 және 23-баптары;

5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;

6) «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) www.educontrol.kz уәкілетті органның интернет-ресурсында;

2) порталда орналасқан.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Call-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку