«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1110 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1110 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1110 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Демо – версия документа