«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 796 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 30 қарашадағы № 1636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 36, 468-құжат).
2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат).
3. «Шымбұлақ» биік тау шатқалы спорт кешенінің базасында бірлескен кәсіпорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қазандағы № 1202 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 31, 411-құжат) 3-тармағы.
4. «Атырауэнерго» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 қазандағы № 1295 қаулысының 4-тармағы.
5. «Қазақстан Республикасының темір жол кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы № 129 қаулысының 8-тармағы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 ақпандағы № 216 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 31, 411-құжат).
Демо – версия документа