Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысымен бекітілген) (2013.19.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 586 Қаулысымен 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 378 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 22 тамыздағы

№ 1068 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу»

мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс, 7-қабат, № 701-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет), мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар), www.e.gov.kz  «электронды үкімет» порталы немесе www.elicense.kz  «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-13-бабы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.emer.kz, «Рұқсат беру рәсімдері» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімі);

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық РМК) www.con.gov.kz  интернет-ресурсында;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции