Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.22.08 № 1068 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2013 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 22 тамыздағы

№ 1068 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 11 кіреберіс, 7-қабат, № 730-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 11-1-бабы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.emer.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8 (7172) 74-22-08 және 8 (7172) 74-22-68 телефон нөмірлері арқылы ұсынылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясына (бұдан әрі - декларация) тіркеу шифрін беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік он бес күн;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - отыз минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - он бес минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку