«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 қаулысымен бекітілген) (2013.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014.03.06. № 607 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1755 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013.27.08. № 871 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 14 кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) не балама негізде осы стандартқа 3-қосымшада мекенжайлары көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталықтар), «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Документ утратил силу
Демо – версия документа