Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.08.08 № 1033 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 8 тамыздағы

№ 1033 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар
бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру»
 мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 14 кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 314-бабының 1-тармағына, «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 қаулысына (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның www.ecokomitet.kz  интернет-ресурсында және уәкілетті органның үй-жайында орналасқан стенділерде орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру, қайта ресімдеу немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку