(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2004 Ж. 6 ШІЛДЕДЕГІ № 573-II ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңы
(2012.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату | |
6-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жөніндегі қатынастар | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпарат — кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары беретін, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер;
2) ақпарат беру туралы шарт— осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт;
Редакция документа
Демо – версия документа