(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2004 Ж. 6 ШІЛДЕДЕГІ № 573-II ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты
қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңы
(2007.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңын қара ( осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) кредиттік тарихтың деректер базасы - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпарат процестеріне негізделген кредиттік бюроның ақпараттық ресурстары;
2) ақпарат берушiнің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметi - ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерiнен алынған мәлiметтердi ресiмдеу (өңдеу), сақтау және кредиттiк бюроға беру жөніндегі іс-әрекеттері;
3) ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарт - осы Заңда көзделген шарттарда және тәртiппен кредиттік бюро мен ақпарат берушi арасында жасалатын шарт;
4) ақпарат - кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылар беретiн, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз түріндегі жеткізушiлердегi кредиттік тарих субъектілерiне қатысты мәліметтер;
5) кредиттік тарих - кредиттiк тарих субъектiсi туралы ақпарат жиынтығы;
Редакция документа
Демо – версия документа