(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭКСПОРТ. БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ТУРАЛЫ... 1...
Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 Қаулысы
(2011.09.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2008.05.12 № 1161 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 06.04.01 ж. № 451; 31.10.02 ж. № 1155 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі белгіленсін.
4. Мыналар таратылсын:
1) Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссиясы.
ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 5-тармақтың күшi жойылды
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 6, 40-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіндегі 18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорттық-импорттық жеткізілімі және транзитті мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады.
Аталған қаулылар жобаларын келісу және енгізу мәселелері осы Мемлекеттік комиссия туралы ережемен белгіленеді».
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа