«Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 264 Бұйрығы (күші жойылды)
Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 264 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабы 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 264 «Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2625 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 ж., № 17-20, 919-құжат жарияланған) бұйрықтың күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Р. Түсіпбеков |
Әділет министрінің
2011 жылғы 15 шілдеде
№ 264 бұйрығымен
бекітілген
Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы
ереже
1. Осы Ереже «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының (бұдан әрі - Заң) негізінде әзірленді және жекеше нотариустарды есептік тіркеудің шарты мен тәртібін айқындайды.
2. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) келу сипатында болады және конкурстық іріктеуден өткен және нотариаттық палата мүшелігіне енген адамды, жекеше нотариустар туралы деректерді және үй-жайдың орналасқан жері туралы мәліметтерді қалыптастыру мақсатында, аумақтық әділет органдарына есепке қою болып табылады.
3. Конкурстық іріктеуден өткен және нотариаттық палата мүшелігіне енген адам аумақтық әділет органына есептік тіркеуден өту үшін белгіленген нысанда өтініш береді (1-қосымша).
Өтінішке мынадай құжаттар:
Документ утратил силу
Демо – версия документа