(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.26.04 № 326 ҚАУЛЫСЫ
Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 Қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 26 сәуірдегi
№ 326 қаулысымен
бекітілген
Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде
сауда-саттық жүргізу ережесi
Осы Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және банкроттық рәсімдерінде сауда-саттыққа қатысуға тең қол жетімділік, сауда-саттыққа қатысушылардың бәсекелестігі қағидаттарында борышкердің талап ету құқықтарын қоса алғанда мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу тәртібін реттейді.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 840 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) жеңімпаз - аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;
Редакция документа
Демо – версия документа