Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 Қаулысы (2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 Қаулысы

(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысымен күші жойылды

 

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 14 шілдедегі

№ 799 қаулысымен бекітілген

 

 

Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жолаушыларды, багажды және жүкбагажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес халықтың және мемлекеттің жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әзірленді.

2. Қағида Қазақстан Республикасының темір жолы арқылы темір жол көлігімен жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүкбагажын тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

3. Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1516 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы Қағидада мынадай анықтамалар мен терминдер пайдаланылады:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции