(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.08.05 № 674 ҚАУЛЫСЫ
«Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 Қаулысы
(2010.28.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 674 қаулысымен
бекітілген
«Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Нұрлы кеш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы кеш» бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленді және «Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 703 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.11. № 1252 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа