«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 және 2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 359 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 және
2009 жылғы 8 мамырдағы № 674 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 359 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында:
«Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімнің он жетінші абзацында «; Астана қаласының Сарыарқа ауданында «Нұрбесік» шағын ауданы құрылысының жобасы әзірленді» деген сөздер алынып тасталсын;
«Тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 5.3.3-кіші бөлімде:
екінші абзацтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
алтыншы абзац «органдарға» деген сөзден кейін «тұрғын үй салуды және/немесе сатып алуды ұйымдастыру үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сонымен бір мезгілде жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй құрылысына тапсырыс беруші өкілеттігін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (бұдан әрі - ӘКК) жүктей алады.»;
оныншы абзацтағы «ӘКК» деген аббревиатура «жергілікті атқарушы органдар (ӘКК)» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Бағдарламаға қатысушы:
«ҚТҚЖБ» АҚ-мен тұрғын үй сатып алуға қарыз алу үшін қажетті соманы 5,5 жылдың ішінде жинақтау жөнінде тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасады;
қажетті сома жинақталғаннан кейін тұрғын үй кепілімен жылдық 4,5 %-бен қарыз алу үшін құжаттарын «ҚТҚЖБ» АҚ-ға ұсынады;
2) «ҚТКДБ» АҚ:
Демо – версия документа