Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктері туралы шарт (Астана қ., 2010 жылғы 5 шілдеде)

Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық
және әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктері туралы
шарт
(Астана қ., 2010 жылғы 5 шілдеде)

 

ҚР 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 506-ІV Заңымен ратификацияланды

2011 жылғы 30 желтоқсанда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттер,

Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктерін белгілеу мақсатында,

халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың (бұдан әрі -Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт) ережелерін негізге ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Шарттың мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:

«құзыретті органдар» - Тараптардың кеден органдары және өзге уәкілетті мемлекеттік органдары;

«кеден органдары» - Тараптардың кеден органдары;

«қылмыстар» - оның сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген, оларды жасағаны үшін Тараптардың заңнамасында қылмыстық жауапкершілік көзделген Кеден одағының кеден заңнамасын және Тараптардың заңнамасын бұзушылықтар;

«әкімшілік құқық бұзушылықтар» - оның сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген, оларды жасағаны үшін Тараптардың заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделген Кеден одағының кеден заңнамасын және Тараптардың заңнамасын бұзушылықтар;

«тауарлар» - Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартта көзделген мәндегі тауарлар;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку