Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысымен бекітілген) (2011.23.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 29 сәуірдегі

№ 464 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде
 қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2011.23.09. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2011.23.09. № 1090 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (бұдан әрі - Аумақтық инспекция) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (бұдан әрі - Инспектор) ұсынады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасының, 4-тармағы 2) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының;

2) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында - www.minagri.gov.kz және осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлардағы аумақтық инспекциялардың үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции